«Астана – Шымкент» бағытындағы Тальго вагондарымен жасақталған №86/85 жолаушылар пойызының жүруі 1 рейске тоқтайды. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады BAQ.KZ.
8 желтоқсан күні Астанадан, 9 желтоқсан күні Шымкенттен шығатын пойыз жүрмейді.
Тоқтатылған пойыздың орнына стандартты вагондардан тұратын №511/512 бір реттік пойызы қосылады. Жол жүруден бас тартқан жолаушыларға жол жүру құнын толық қайтару жүргізіледі. Стандартты вагондардан тұратын пойызда сапарлаған жолаушыларға жол жүру құнының айырмасы төленетін болады, - делінген хабарламада.