Ақмола облысында «Астана – Петропавл» тас жолының бойында бірнеше көлік соқтығысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Облыстық ПД баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, жол-көлік оқиғасы бүгін, 2 қаңтарда Жасыл ауылы маңында болған.
Алдын ала анықталған мәлімет бойынша, жол-көлік оқиғасы 10-ға жуық көліктің соқтығысуынан болған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, көліктерге механикалық зақым келді, – делінген ведомствоның хабарламасында.
Осы ретте, тәртіп сақшылары жүргізушілерге ауа райы жайсыз болған күндері арнайы ескертулерге құлақ асуға, жолға шыққанда абай болуға, сондай-ақ белгілі жылдамдық режимін және ара қашықтықты сақтау қажеттігін еске салады.