Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада 4-6 шілде күндері Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, қала күні қарсаңында Х «Астана самалы» Халықаралық үрлемелі оркестрлерінің фестивалі өтеді.
Фестивальге шетелдік және қазақстандық танымал ұжымдар қатысады деп күтілуде.
Х «Астана самалы» Халықаралық үрлемелі оркестрлерінің фестивалі халықтың мәдени мұрасы мен өнер құндылықтарын насихаттау және дамыту, шығармашылық ұжымдардың өзара тәжірибе алмасып, танысу мақсатында өтеді.
Жыл сайын дәсүрлі түрде өтіп келе жатқан аталмыш іс-шараның маңызы өте зор. Бұл іс-шара барысында түрлі ұлттың әуендері Елорда төрінде шырқалмақ.
Биылғы фестивальге Төменгі Тагил үрлемелі оркестрі, Алматы қаласы шекара қызметкерлерінің үрлемелі оркестрі, Қостанай қаласы үрлемелі оркестрі, ҚР Ішкі істер министрлігі Ұлттық гвардиясының үрлемелі оркестрі, ҚР Президент гвардиясының үрлемелі оркестрі қатысады.