Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Астана құтқарушылары тұрғындарға үндеу жасады

6 Қаңтар 2026, 23:15
281
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

"Қазгидромет" мәліметінше, бүгін Астанада қар жауып, бұрқасын соғады. Сондай-ақ күндіз көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел жылдамдығы 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с дейін жетуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құтқарушылар қатты жел кезінде жарақат алмау үшін қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды:

-Ғимараттан шығуға асықпаңыз (мүмкіндігінше үй-жайларда болыңыз);

-балаларды ерекше бақылауға алыңыз және оларды қараусыз қалдырмаңыз;

-Егер қатты жел кезінде сыртта болсаңыз, жақын маңдағы кіреберіске немесе дүкенге кіріңіз;

-үйдің қабырғасына қатты желден жасырынбаңыз, өйткені шатырдан материалдар түсіп кетуі мүмкін;

-қатты жел кезінде электр желісінің асты, үзілген электр сымдарына жақындау өте қауіпті;

-көлікті ағаштан қауіпсіз қашықтықта қою ұсынылады.

Төтенше жағдай кезінде 101 және 112 нөміріне хабарласу керек.

Өзгелердің жаңалығы