Астана құрамасы нысана көздеуден ел чемпионатында үздік үштікке енді

Кеше, 20:38
189
Бөлісу:
Астана құрамасы нысана көздеуден ел чемпионатында үздік үштікке енді
Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

Шымкент қаласында бір аптаға созылған нысана көздеуден командалық Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл – мергендер үшін биылғы алғашқы ірі жарыс. Осы сыннан іріктелген спортшылар алдағы Азия Кубогы мен Әлем Кубогы кезеңдерінде ел намысын қорғайтын болады.

Әйелдер арасындағы 10 метрге пневматикалық винтовкамен ату сайысында жүлдегерлер арасындағы айырмашылық санаулы ұпаймен шешілді.

Алтын жүлде – Шымкент қаласы;
Күміс жүлде – Алматы қаласы;
Қола медаль – Астана құрамасы.

Команда сапында Әлия Аушамова, Әмина Амантаева, Дарина Болатова үздіктер қатарынан көрінді. Олар жалпы 1821,9 ұпай жинады.

Осылайша, Астана құрамасы 1 күміс және 5 қола медаль жеңіп алып, чемпионаттың үздік үштігіне енді.

Айта кетейік, жарысқа еліміздің 8 өңірінен 160-қа жуық спортшы қатысты.

Өзгелердің жаңалығы