Астана-Қарағанды тас жолында 10 автокөлік соқтығысты

Кеше, 23:52
252
Бөлісу:
Астана-Қарағанды тас жолында 10 автокөлік соқтығысты
Фото: видеодан кадр

"Астана – Қарағанды (айналма жол) – Алматы" автожолындағы ірі жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" компаниясы мәлімдеді.

6 наурыз сағат 16:30-да "Теміртау – Қарағанды" автожол учаскесінде ("Астана – Қарағанды (айналма жол) – Алматы" автожолының 1449 шақырымы) жол-көлік оқиғасы орын алды. Алдын ала мәлімет бойынша қатты қар жауғаннан және көріністің жоқтығынан 10 автокөлік соқтығысып қалды. Алдын ала деректер бойынша, зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында жедел қызметтер жұмыс істеп, мән-жайлар нақтыланды, - деп атап өтті компаниядан.

Белгілі болғандай, сағат 17:00-де "Теміртау – Қарағанды" төлем ақы алу учаскесінде барлық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Жол белгілері қолданыстағы заңнамаға сәйкес орнатылды.

Жол-көлік оқиғасының алдын ала себебі – жол қозғалысы ережелерін сақтамау. Жүргізушілерге сақ болуға, ауа райы жағдайларын ескеруге және жол қызметтерінің нұсқауларына бағынуға кеңес беріледі.

Өзгелердің жаңалығы