Астана – Қарағанды бағытындағы жолаушылар пойызынан өрт шықты

Астана – Қарағанды теміржол учаскесінде жолаушылар пойызында өрт болды, – деп хабарлайды BAQ.KZ “Қазақстан Темір Жолы” компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

22 Наурыз 2025 2025, 12:46
 Қазақстан темір жолы 22 Наурыз 2025 2025, 12:46
22 Наурыз 2025 2025, 12:46
798
Фото: Қазақстан темір жолы

Астана – Қарағанды теміржол учаскесінде жолаушылар пойызында өрт болды, – деп хабарлайды BAQ.KZ “Қазақстан Темір Жолы” компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

22 наурыз күні сағат 11:13-те Астана – Қарағанды-Сортировочная учаскесінде Костанай – Алматы бағытында жүрген №44 жолаушылар пойызында өрт шыққаны анықталды. Бұл пойызды жеке тасымалдаушы “Турксиб Астана” компаниясы жүргізген, – делінген хабарламада.

Өрт шыққан вагон шұғыл түрде құрамнан ажыратылды. Оқиға салдарынан зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Төтенше жағдай орнына Астана станциясынан өрт сөндіру пойызы жіберілді. Өртті теміржол қызметкерлері мен ТЖД мамандары сөндірді.

Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда.

Наверх