Ауа райының нашарлауына байланысты Ақмола облысы, «Астана-Петропавловск» 18-232 шақырымы аралығында жол жабық, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасын, екпінді жел, көрінудің 50 метрге дейін шектелуі) 07 сағ. 00 мин. 13.02.2025 ж. бастап барлық көлік түрлерінің қозғалысы жабық, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.
Ақмола облысы
"Астана-Петропавловск" 18-232 шақырымы, (Астана қ.-Щучинск қ. )
Дауылды ескерту жариялаған кезде, әсіресе қараңғы уақытта алыс жерлерге сапарға шығудан бас тартып, жаяу жүруден аулақ болыңыздар. Ауа райы жағдайы мен автожолдардағы көлік қозғалысының шектеулері туралы ақпаратты бақылаңыздар, - деп ТЖМ қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.