Астана-Павлодар тасжолының бір бөлігін су алды

Бүгiн, 19:15
426
Бөлісу:
Астана-Павлодар тасжолының бір бөлігін су алды
Фото: BAQ.KZ архив

"Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка" республикалық автожолының бір бөлігін еріген қар суы басып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ "ҚазАвтоЖол"-ға сілтеме жасап.

2025 жылғы 19 наурыз сағат 01:50 шамасында ауа температурасының көтерілуі мен қардың жылдам еруі салдарынан "Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка" республикалық автожолының 217-218 шақырымы аралығында жол жабынын су басу фактісі тіркелді. Су басқан учаскенің жалпы ұзындығы 100-150 метрді, ал су биіктігі 5-8 см құрайды.

Аталған учаске төмен орналасқандықтан, еріген су осы аймаққа шоғырланған. 217-шақырымда диаметрі 1×1 м болатын суөткізгіш құбыр бар, ол қазіргі уақытта ашық және тазартылған күйде жұмыс істеп тұр.

Тасқынның ары қарай жайылуын алдын алу және салдарын барынша азайту мақсатында 200 тонна құм мен 800 қап дайындалды, сондай-ақ 1 экскаватор, 1 тиегіш, 3 самосвал, 2 жол жөндеу қызметінің техникасы және ДЭУ-60-тың 30 қызметкері жұмылдырылды. 2025 жылғы 19 наурыздағы сағат 10:30-дағы жағдай бойынша көлік қозғалысы қалыпты режимде жүргізіліп жатыр, көліктердің жиналуы байқалмайды. Мамандар жағдайды тұрақты бақылауда ұстап, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды атқаруда, - делінген "ҚазАвтоЖол" хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы