Астана – Павлодар тасжолында еріген қар суы жолды басты

Елді мекендерге қауіп жоқ.

 Скриншот Бүгiн 2026, 21:38
Бүгiн 2026, 21:38
190
Фото: Скриншот

Бүгін, 27 наурызда Астана – Павлодар тасжолында еріген қар суы жолды басып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

27 наурыз күні сағат 18:36-да KAZ04 «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы (Қосақ бекеті)» автожолының 117-шақырымында еріген қар суының тасуы тіркелді. Су жайылған учаскенің ұзындығы шамамен 50 метр, тереңдігі 15–20 см. Оқиға маусымдық су көлемінің артуы мен мұздың еруіне байланысты болған. Қазіргі уақытта жағдай жол қызметтерінің толық бақылауында. Оқиға орнында «ҚазСервис» ЖШС-нің (Ақмола облыстық филиалы ДЭУ-92) мамандары жұмыс істеуде. Жол жабынын нығайту, су ағысын реттеу үшін қорғаныс үйіндісін жасау жұмыстары жүргізіліп жатыр, - делінген ақпаратта.

Аталған учаскеде көлік қозғалысы қалыпты режимде жалғасуда, кептеліс жоқ. Қауіпсіздік мақсатында ескерту белгілері орнатылып, жол жағдайы тұрақты бақылауға алынған.

Елді мекендерге қауіп жоқ.

Салдарды жоюға 5 арнайы жол техникасы, автогрейдер және тиегіш жұмылдырылған. Жол қызметтері тәулік бойы бақылау жүргізіп, қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету шараларын жалғастыруда.

Наверх