Бүгін футболдан Конференция лигасы топтық кезеңінің бесінші туры аясында «Астана» өз алаңында «Динамо Загребті» қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.
«Астанаға» плэй-офф кезеңінің жолдамасына таласу үшін өз алаңында «Динамоны» жеңуі керек еді.
Ойынның өзі жылдам голмен басталуы ықтимал болатын. Бірақ 12-минутта Дербо Дарбо пенальтиден гол соға алмады. Шабуылшы кейін де ұрымтал сәттерден мүлт кетті.
Үзіліске дейін, осылайша, есеп ашылмады. Ал екінші таймда тек қонақтар гол соқты. 48-минутта 19 жастағы Габриэль Видович есеп ашты. 79-минутта Такуро Канеко есепті еселеді.
Ол кезде «Астана» он футболшымен ойнап жатқан, себебі алты минут бұрын Душан Йованчич алаңнан қуылған болатын.
Қазір елордалық клуб 4 ұпаймен үшінші орынға түсті. Хорваттар алты ұпаймен екінші орынға көтерілді.