Астана оқушылары түстен кейін де онлайн оқиды

Елордада ауа райының қолайсыздығына байланысты мектептердің екінші ауысымда білім алатын оқушылары қашықтан оқиды.

 ©BAQ.KZ архиві/Артём Чурсинов Бүгiн 2026, 10:38
Бүгiн 2026, 10:38
199
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артём Чурсинов

Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты мектептердің екінші ауысымда білім алатын оқушылары қашықтан оқиды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2026 жылғы 27 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, - деп хабарлады Астана қаласының Білім басқармасы.

Еске салсақ, бүгін Астана мектептерінің бірінші ауысымдағы 0-11 сынып оқушылары да үйден оқитынын хабарладық.

Наверх