Astana Open: Недовесов пен Евсеев іріктеу кезеңінде сүрінді

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада&nbsp;ATP 250 турнирі басталды.</h4>

25 Қазан 2020 2020, 18:09
АВТОР
 25 Қазан 2020 2020, 18:09
25 Қазан 2020 2020, 18:09
1414

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада ATP 250 турнирі басталды, деп жазады Prosports.kz.

Өкінішке орай, жарыс жолын іріктеу кезеңінен бастаған екі теннисшіміз алғашқы айналымда сүрінді. 

Александр Недовесов Босния және Герцеговина өкілі Дамир Джумхурға жол берді.

Бір сағат 43 минутқа созылған кездесу 6:1, 5:7, 2:6 есебімен аяқталды. 

Ал Денис Евсеев британиялық Марк Полманске есе жіберді.

1 сағат 44 минутқа созылған кездесу 7:5, 3:6, 0:6 есебімен аяқталды.

Еске сала кетейік, Қазақстан астанасындағы турнир 25 қазан мен 1 қараша аралығында өтеді.

Наверх