Астанада АТР-250 турнирінің жартылай финалдағы ойындары өтіп жатыр. Жекелей сын бойынша бірінші финалист анықталып та үлгерді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Америкалық теннисші Себастьян Корда (АТР 28) Сербия өкілі Хамад Меджедовичті (АТР 120) 6:7 (8:10), 7:6 (7:2), 7:6 (7:3) есебімен жеңді.
Кездесу 2 сағат 53 минутқа созылды.
Финалда ол Себастьян Офнер – Адриан Маннариноның бірімен ойнайды.
Алдында Анна Данилина Бейжіңдегі турнирдің екінші айналымына шыға алмағаны хабарланған болатын.