Астана оқушылары онкологиялық дертке шалдыққан балаларға сыйлық берді

16 Қаңтар 2019, 12:11
3056
Бөлісу:
Астана оқушылары онкологиялық дертке шалдыққан балаларға сыйлық берді

Астана, BAQ.KZ. Астанада республикалық физика-математика мектебінің оқушылары онкологиялық дертке шалдыққан балаларға сыйлық пен тілектер жазылған хат жазып жіберді. Бұл туралы «Асыл бала» қоғамдық қорының баспасөз қызметі хабарлайды.

Оқушылар «Асыл бала» қоғамдық қорының акциясын қолдады.

4 «д» сынып оқушылары сыйлық таңдауда мұқият болды: жұмсақ ойыншықтардың орнына боямақтар мен түрлі-түсті қарындаштар, «Барби» қуыршақтары мен трансформерлер, мозаикалар мен LEGO конструкторларын және басқа да ойыншықтарды таңдады.

Астанадағы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының онкология бөліміне емделуге келетін 40-қа жуық балаға сыйлық берілді.

«Біз күнде мектепке барып, сабақтан кейін достарымызбен ойнаймыз. Осындай мүмкіндігі жоқ, күні бойы ауруханада жататын балаларға көмектескіміз келді. Егер әр оқушы осы туралы ойласа, кішкентай болсын қайырымды іспен айналысуға мүмкіндігіміз болады. Мысалы, олар ата-аналары арқылы рак дертіне шалдыққан балаларға ойыншық беріп жібере алады», - дейді оқушылар.

Республикалық физика-математика мектебінің оқушылары қайырымдылық шағара екінші жыл қатысуда және бұл бастаманы қолдауға шақырады.

Өзгелердің жаңалығы