«Аstana musical» мемлекеттік театры жаңа маусымын ашты

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;«Аstana musical» мемлекеттік театры жаңа маусымын ашты, деп хабарлайды «Хабар 24».&nbsp;</h4>

 4 Ақпан 2021 2021, 01:21
4 Ақпан 2021 2021, 01:21
1938

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Аstana musical» мемлекеттік театры жаңа маусымын ашты, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Көрерменге алғаш болып «ЕНТ тапсырмаймын!» атты спектакльдің премьерасы ұсынылды. Драма жанрындағы жаңа туынды белгілі драматург Л.Разумовскаяның «Қымбатты Елена Сергеевна» атты шығармасына негізделіп жазылған. «Astana Musical» театры осы туынды арқылы жастарды ессіз әрекеттерден сақтануға шақырады. 

Әрине, бұл – екі буынның арасындағы қақтығыс, түсініспеушілік. Әрдайым актуалды бола береді. Түпнұсқадан қатты кетпедік. Арасында ғана қазіргі уақытқа сай етіп, өзгеріс енгіздік. 5-маусымымызды ашып жатырмыз, – деді «Аstana musical» театрының көркемдік жетекшісі, режиссер Есләм Нұртазин.


Наверх