Астана – Минералды сулар тікелей әуе рейсі іске қосылды

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Ресей Федералдық Жиналысының Федерация Кеңесі арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі комиссияның жұмысы аясында Астана – Минералды сулар бағыты бойынша тікелей авиарейсті іске қосу жөнінде уағдаластыққа қол жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

19 Сәуір 2024 2024, 19:27
АВТОР
 Сенаттың баспасөз қызметі 19 Сәуір 2024 2024, 19:27
19 Сәуір 2024 2024, 19:27
823
Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Ресей Федералдық Жиналысының Федерация Кеңесі арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі комиссияның жұмысы аясында Астана – Минералды сулар бағыты бойынша тікелей авиарейсті іске қосу жөнінде уағдаластыққа қол жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тікелей әуе рейсі екі ел арасындағы экономикалық және мәдени байланыстарды нығайтуға ықпал етеді. Рейс сондай-ақ Қазақстан мен Ресей тұрғындарының туристік және іскерлік сапарларына қолайлы мүмкіндікті қамтамасыз ететін болады.

Қазақстан Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Жақып Асанов пен Ресей Федерациясы Кеңесі Федералдық Жиналысы Төрағасының бірінші орынбасары Андрей Яцкиннің төрағалық етуімен өткен комиссияның XX отырысында осы мәселені шешу жөніндегі уағдаластыққа қол жеткенін атап өткен жөн.

Наверх