Астана мешіттерінде сурдоаударма қызметі іске қосылды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен елорда мешіттерінде есту қабілеті төмен жандарға арналған сурдоаударма қызметі іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 ҚМБД баспасөз қызметі 24 Желтоқсан 2024 2024, 08:43
24 Желтоқсан 2024 2024, 08:43
781
Фото: ҚМБД баспасөз қызметі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен елорда мешіттерінде есту қабілеті төмен жандарға арналған сурдоаударма қызметі іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әзірге мешітке келуші жамағатқа арнайы сурдоаудармашы маманның көмегімен тікелей эфирде жұма уағызы аударылып, назарға ұсынылып отыр. Республикалық саңыраулар қоғамының вице-президенті Жангелді Рахманұлы "Әзірет Сұлтан" мешітіне келіп, сурдоаударма қызметінің жүзеге асырылып жатқанына дән ризашылығын жеткізді, – делінген ҚМДБ хабарламасында.

Айта кетейік, қазіргі таңда бас мүфти тапсырмасына сәйкес есту қабілеті төмен мұсылмандарға арналған сурдоаударма қызметін одан әрі жетілдіру, мұның барлық мешітте жүргізілуіне қатысты елордалық имамдар жұмыстануда.

Наверх