Астана мен Қарағанды облысында тауарлық газдың бағасы төмендетілді

9 Қараша 2022, 09:20
783
Бөлісу:
Астана мен Қарағанды облысында тауарлық газдың бағасы төмендетілді

Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Астана қаласы мен Қарағанды облысы бойынша «ҚазТранГаз Аймақ» АҚ тұтынушылары үшін тауарлық газды бөлшек саудада өткізу бағасына сараптама жүргізуге бастамашылық жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2022 жылдың қыркүйегінде Тарифтік ведомствосының сұрауы бойынша «ҚазТранГаз Аймақ» АҚ баға сараптамасын жүргізу үшін қажетті құжаттар ұсынды.

Баға сараптамасы шеңберінде ұсынылған материалдарға мұқият талдау жүргізілді, сондай-ақ «ҚазТранГаз Аймақ» АҚ ұсынған қосымша материалдар зерделенді.

Осылайша, баға сараптамасын қарау қорытындысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитеті «ҚазТранГаз Аймақ» АҚ-ның Астана қаласының тұтынушылары үшін жабдықтау үстемақысын 35,21%-ға, ал Қарағанды облысының тұтынушылары үшін 32,15% - ға төмендетті.

Қазақстанда тауарлық газбен газбен жабдықтау саласындағы бағалар мен тарифтерді мемлекеттік реттеу Энергетика министрлігі мен ҚР ҰЭМ ТМРК арасында бөлінгендігін естеріңізге сала кетейік.

Тауарлық газдың түпкілікті бағасының 70-80% Энергетика министрлігі бекіткен көтерме бағаға, ал табиғи газ бағасының қалған бөлігі ТМРК-мен реттелетін тасымалдау қызметтерінен және реттелетін газды өткізу шығындарына (жабдықтау үстемақысы) байланысты.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, жабдықтау үстемақысының деңгейін төмендету бөлігінде, 2022 жылғы 4 қарашадан бастап Астана қаласының тұрғындары 1000 м3 үшін (ҚҚС-сыз) 906 теңгеге, ал Қарағанды облысының тұрғындары 1000 м3 үшін (ҚҚС-сыз) 1 281,25 теңгеге бұрын қолданыста болған бағадан төмен төлейтін болады.

Бұл ретте, Астана қаласында бұған дейін 1000 м3 үшін (ҚҚС-сыз) 34 550,69 теңге, Қарағанды облысында 1000 м3 үшін (ҚҚС-сыз) 36 430,30 теңге мөлшерінде баға қолданылған болатын, мұнда бүгінде төмендеу тиісінше 2,62% және 3,52% құрады.

Өзгелердің жаңалығы