Тоқаев пен Си Цзиньпин Астана мен Бейжіңде мәдени орталықтар ашуға рұқсат берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен ҚХР Мәдениет және туризм министрі Сунь Ели Қазақстанның Бейжің қаласындағы мәдени орталығын және Қытай Халық республикасының Астана қаласындағы мәдени орталығын салтанатты түрде ашу үшін ортаға шақырылды.
Аса құрметті, Қасым-Жомарт Кемелұлы, аса құрметті Си Цзиньпин, Қазақстанның Бейжің қаласында және Қытай Халық Республикасының Астана қаласындағы мәдени орталықтарын салтанатты түрде ашуға рұқсат етіңіз, - деді Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Ақордада.
Қазақстан мен Қытай көшбасшылары орталықтарды ашуға рұқсат берді.
Сонымен қатар Астана қаласында Бейжің тіл және мәдениет университетінің филиалы ашылатын болды.
Ақордада Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек филиалды ашуға дайын екенін жеткізді.
Аса құрметті, Қасым-Жомарт Кемелұлы, аса құрметті Си Цзиньпин, Астана халықаралық университетінің негізінде атақты Бейжің тіл және мәдениет университетінің филиалы ашылмақ. Биыл алғашқы 100 студентіміз оқуын бастайды. Филиалды ашуға дайынбыз, - деп жеткізді министр.