Алғашқы ұшаққа 110 адам билет алған, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.
Бұл рейс аптасына 1 рет қатынайды. Жазда әуе қатынасы көбейеді деген жоспар бар.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан мен Қытай астаналарының арасындағы әуе рейсі 2020 жылдың наурызында пандемияға байланысты тоқтатылған болатын. Бүгінде жалпы екі елдің арасына аптасына 11 рейс бар. Коронавирусқа дейін олардың саны 30-дан көп болатын. Сондай-ақ визалық шектеулерді алу бойынша келіссөз жүріп жатыр.
Бүгін Бейжің-Астана рейсінің жолаушыларын құшақ жая қарсы алып тұрмыз. 2020 жылдың 4 наурызына дейін аптасына 4 рет қатынаған болатын. Қытай азаматтарының әртүрлі елдерге саяхаттау ережелеріне енгізілген соңғы өзгерістер бойынша, Қазақстан туристер ұшып бара алатын елдер тізіміне енді. Наурыздың соңынан бастап Бейжің-Алматы-Бейжің рейстерінің саны көбейеді, – деді аймақтық аға менеджер Ислам Секербеков.