Елордада медиа өкілдерінің пікір алмасу ортасына айналған Astana media week 2023 іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілішісі.
Astana media week 2023 іс шарасында алдағы уақытта медиа жұмысын ұйымдастыру жолдарына, жаңа медианың еркіндігіндегі тепе-теңдікті іздеу сынды тақырыптарда талқылаулар болады. Медиа іс шараға продюсерлер, журналистер, сарапшылар мен подкастерлер қатысып жатыр. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева іс шараның өтуімен құттықтап, маңызына тоқталды.
Аstana media week іс шарасы жетінші рет өткізіліп жатыр. Аstana media week медиа кеңістігінде маңызы зор шараға айналды. Жыл сайын шетелден беделді тұлғалар мен сарапшылар, білікті мамандар қатысады. Мемлекет БАҚ саласындағы заңнаманы жетілдіруге ерекше көңіл бөліп отыр. Сонымен қатар мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асырудың негізгі бағдарын айқындайтын тұжырымдама құжат қабылданды. Медиа саласы қоғамның барлық саласына әсер ететіні белгілі. Салада үздіксіз трансформация мен цифрландыру жаңа платформалар, коммуникация құралдары жаңарып отырады. Astana media week отандық медиа индустрияны дамытуға игі әсерін жоғары бағалаймын, - деді Аида Балаева.