Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл пандемияға байланысты Astana Marathon 2020 іс-шарасы да өткізілмейтін болды.
Бүгін біз өкінішке қарай Astana Marathon 2020 коронавирус пандемиясына байланысты өткізілмейтінін ресми түрде растаймыз. Осы жылдың басында қыркүйек айына қарай пандемияға байланысты шектеулер бәсеңдеп, жыл сайынғы жүгіру марафонымыз міндетті түрде өткізіледі деп ойлағанбыз. Өкінішке қарай, бұл жылы біз де басқа марафон ұйымдастырушылары тәрізді қатысушыларға ыңғайлы әрі қауіпсіз марафон ұйымдастыра алмаймыз. Сіздердің көңілдеріңіздің түсетінін түсінеміз, алайда сіздердің денсаулықтарыңыз бен қауіпсіздіктеріңіз біз үшін бірінші орында тұрады. Барлық тіркелген қатысушы жарнаға қатысты имэйл алады. Денсаулықтарыңызды, өздеріңізді күтіңіздер, келесі жылы кездесеміз деп үміттенеміз, - деп жазды Astana Marathon 2020 баспасөз қызметі Instagram-дағы парақшасында.