Ақмола облысындағы «Астана – Ерейментау – Шідерті» жолының 37-шақырымында жылқының қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.
Полицияның мәліметінше, KIA K7 автокөлігі жолдың жүру бөлігіне кенеттен шыққан жылқымен соқтығысқан.
Апат салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы зардап шекті. Олардың барлығы медициналық мекемеге жеткізілді. Алдын ала ақпарат бойынша, зардап шеккендердің жақ сүйектері сынып, миы шайқалған және түрлі дене жарақаттарын алған. Қазіргі уақытта жануардың иесін анықталуда. Тексеру қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады, - деп хабарлады Ақмола облысының ПД баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, ведомство өкілдері жыл басынан бері өңірде қараусыз жүрген малдың қатысуымен төрт жол апаты тіркелгенін атап өтті.
Бұл апаттардан барлығы алты адам зардап шеккен.
Еске салайық, бұған дейін Астанада жүргізушілер жол үстінде төбелесіп, "разборка" жасады.