Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкіметте өткен брифингте 17 тамызда Ақмола облысында болған жеңіл моторлы ұшақ апатына қатысты тергеу жұмыстары бір жылға созылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның сөзінше, әр әуе апаты бойынша тергеу бір жылдың ішінде жүргізіледі.
Сондықтан тергеуді күтеміз. Азаматтық авиация комитеті мен Авиациялық әкімшілік бірлесіп тексеріс жүргізу туралы шешім қабылдады, – деді министр.
Бұған дейін Ақмола облысында жалпы мақсаттағы авиация желісі бойынша ұшуды орындау кезінде Aerostar R40F UP-LA229 жеңіл моторлы әуе кемесі апатқа ұшырағанын хабарланғанбыз.
Оқиға салдарынан ұшқыш пен жолаушы қаза тауып, полиция қылмыстық іс қозғады.
Үш баланың анасы қаза тапқан оқиғадан кейін жеке авиацияға бақылау күшейтілетіні хабарланды.
Әйелдің артында 3 баласы қалды. 19 жастағы қызы және кәмелетке толмаған екі ұлы – 12 және 14 жаста. Былтыр балалардың әкесі өмірден өткен.
Сондай-ақ, сол әуе апатына ұшыраған ұшақтың видеосы жарияланды.