Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Астана маңындағы ұшақ апаты: сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды

23 Маусым 2025, 04:54
552
Бөлісу:
 unsplash.com
Фото: unsplash.com

Астана маңында жеңіл моторлы ұшақтың апатқа ұшырау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана станциясындағы желілік полиция басқармасы TL-2000 маркалы жеке жеңіл әуе кемесінің апатқа ұшырауы фактісі бойынша ҚР ҚК 344-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады, - делінген хабарламада.

Айта кетсек, апат салдарынан екі адам – ұшқыш пен жолаушы қаза тапқан болатын.

Қазіргі кезде апаттың себептері анықталып жатыр. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы