Астана маңындағы демалыс аймағында зардап шеккен ер адам жансақтау бөлімінде жатыр: полиция тексеруді бастады

Науқасқа шұғыл медициналық көмек көрсетілген.

14 Шілде 2026, 11:55
АВТОР
 видео кадры 14 Шілде 2026, 11:55
14 Шілде 2026, 11:55
184
Фото: видео кадры

Астана маңындағы демалыс аймақтарының бірінде жағдайы күрт нашарлаған ер адамның халі ауыр. Бұл туралы BAQ.KZ тілшісіне Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Ведомство мәліметінше, науқасқа шұғыл медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ол Астанадағы №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілген.

Жағдайы ауыр. Қазіргі уақытта анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде ем қабылдап жатыр. Оған қажетті ем-дом толық көлемде көрсетіліп жатыр, – деп жауап берді денсаулық сақтау басқармасы редакцияның сауалына.

Полиция тексеруді бастады

BAQ.KZ редакциясы бұл оқиғаға қатысты Ақмола облысы полиция департаментінен де пікір сұрады. Ведомство өкілдері болған оқиға бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Бұл дерек Аршалы аудандық полиция бөлімінде тіркелді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады, – деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаменті.

Осылайша, зардап шеккен азамат елордадағы ауруханада ем қабылдап жатыр, ал құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Не болған еді?

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Астана маңындағы демалыс аймақтарының бірінде болған оқиға туралы ақпарат тараған болатын. Куәгерлердің айтуынша, ер адамның кенет жағдайы нашарлап, тыныс алуы қиындаған.

Сондай-ақ оқиға куәгерлері демалыс орнында шұғыл көмек көрсетуге қажетті жағдай болмағанын айтқан. Кейін ер адам оқиға орнына келген жедел жәрдем бригадасына тапсырылып, медициналық мекемеге жеткізілген.

Наверх