Астана маңындағы ауылда 4 тоннаға жуық шөп өртенді

Ақмола облысында 4 тоннаға жуық (200 кг-нан 20 тюк) шөптің жануы сөндірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Төтенше жағдайлар министрлігі 26 Қазан 2025 2025, 09:45
26 Қазан 2025 2025, 09:45
533
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Ақмола облысында 4 тоннаға жуық (200 кг-нан 20 тюк) шөптің жануы сөндірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сәйкес, Целиноград ауданы, Қоянды ауылында жеке меншік тұрғын үй аумағында шөп өртенген.

Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында оттың таралуына жол берілмей, 20 шаршы метр аумақтағы өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда, - делінген хабарламада.

Өрт туындаған жағдайда 101 немесе 112 нөміріне хабарласу қажет.

Наверх