Астана қаласындағы Жеңіл рельсті көлік (LRT) жобасы кадр құрамын күшейту мақсатында 30-дан астам лауазым бойынша қызметкерлерді оқыту және жұмысқа қабылдауды бастады. Жоба аясында инженерлік, техникалық және басқарушылық бағыттағы мамандарға сұраныс жоғары, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кандидаттарға жұмыс беруші есебінен оқыту немесе біліктілікті арттыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа орналастыру ұсынылады. Оқу мерзімінің ұзақтығы – 4 айға дейін, - деп жазылған CTS хабарламасында.
Жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесінде оқыту және жұмыс істеу үшін төмендегі лауазымдар бойынша қызметкерлер жұмысқа қабылданады.
Ғимараттар мен күзет аймағын күтіп ұстау қызметі:
- ғимараттар мен қорғау аймағын күтіп ұстау менеджері;
- күзетілетін аумақтың аға инспекторы;
- ғимараттарды жөндеу шебері.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі:
- техникалық жүйелер менеджері;
- сапа менеджері;
- өрт қауіпсіздігі жөніндегі менеджер.
Мүлікті басқару бөлімі:
- қойма менеджері;
- әкімшілік басқару менеджері;
- қойма шаруашылығы технигі.
Кешенді басқару бөлімі:
- бөлім басшысы;
- кешенді және оқу басқармасының менеджері;
- өндіріс менеджері;
- экономика менеджері;
- әкімшілік басқару менеджері;
- әкімшілік-шаруашылық жөніндегі менеджер;
- нысандар мен жабдықтарды басқару менеджері;
- станция ауысымының басшысы;
- станция кезекшісі;
- қауіпсіздік менеджері;
- сапа менеджері;
- өндіріс диспетчері.
Жылжымалы құрамды жөндеу бөлімі:
- өндіріс диспетчері;
- техникалық тексеру және ағымдағы жөндеу слесары;
- жоспарлы жөндеу слесары;
- жабдықтарды жөндеу слесары.
Пойыз бригадалары бөлімі:
- қозғалыс менеджері;
- жол техникасының аға машинисі;
- жол техникасының машинисі.
Басқару және байланыс жүйелері қызметі:
- қауіпсіздік менеджері;
- байланыс шебері;
- дабыл жүйесі шебері;
- дабыл жүйесі технигі.
Электрлік-механикалық қызмет:
- жөндеу шебері;
- жөндеу слесары.
Электрлік жөндеу қызметі:
- энергетик;
- электр монтері.
Жолдар мен құрылысжайларды пайдалану қызметі:
- жол монтері (қараушы);
- көпір желісі монтері.
Кандидаттарға қойылатын талаптар:
- жоғары немесе арнаулы орта білім (көлік, машина жасау, инженерлік немесе техникалық мамандықтар, электрлі техника немесе сабақтас бағыттар);
- тиісті мамандық бойынша 1 жылдан 3 жылға дейінгі жұмыс тәжірибесінің болуы.
Түйіндеме CTS-тің https://cts.gov.kz/company/vacancy/ ресми сайты арқылы қабылданады.