Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елордада өтіп жатқан ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2020 жылдың қорытындысы бойынша алқа отырысында Агенттіктің төрағасы Алик Шпекбаев айтты.
«Астана LRT» құрылысы кезінде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша бірқатар лауазымды тұлғалар мен мердігер ұйымдардың басшылары сотқа жолданды, - деп түсіндірді Алик Шпекбаев.
Сонымен қатар, оның сөзінше, «СҚ-Фармация» басқармасының бұрынғы төрағасына қатысты тергеу аяқталды.
БТА-Банктің ісі бойынша 12 млрд теңгеден астам залал өтелді. Тағы 6,4 млрд теңге «Азық-түлік корпорациясы» АҚ басқармасының бұрынғы төрағасына қатысты қылмыстық іс аясында өтелді, - деді Шпекбаев алқа отырысында.
Антикор төрағасының баяндауынша, қылмыстық істер бойынша өтелген залал сомасы 50,7 млрд теңгені құрады, бұл 2019 жылдың көрсеткішінен екі есе жоғары. Пара алу және ұрлау фактілері бойынша айыппұл көлемі 2,8 млрд теңгені, тыйым салынған мүлік 1,2 млрд теңгені құрады.
Айта кетейік, бүгін елордада «М.С.Нəрікбаев атындағы КАЗГЮУ» университетінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2020 жылдың қорытындысы бойынша алқа отырысы қтіп жатыр.