Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Астана күніне орай арнайы салют атылады

5 Шілде 2025, 21:00
937
Бөлісу:
 Арман Мухатов  архив-
Фото: Арман Мухатов архив-

Астанада 6 шілдеде Елорда күніне орай мерекелік салют атылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Фейерверк демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылады.

Салюттің шамамен басталу уақыты – сағат 23:00. Ол отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін мерекелік OPEN AIR концертінен кейін Ботаникалық бақ аумағынан атылады.

Еске салайық, 6 шілдеде Қазақстанда Елорда күні мерекесі атап өтіледі. Бұл мерекеге орай Астанада жыл сайын жүзден астам әртүрлі бағыттағы іс-шара өтеді. Биыл да қала тұрғындары мен қонақтарына арнап ерекше оқиғалар, концерттер, шоулар, қойылымдар, акциялар, көрмелер, спорттық турнирлер және тағы басқа шаралар ұйымдастырылады.

Өзгелердің жаңалығы