Астана көшелеріне жаңа автобустар шығарылады

20 Маусым 2024, 20:46
391
Бөлісу:
Астана көшелеріне жаңа автобустар шығарылады
Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты

25 маусымнан бастап Астана көшелеріне брендтелген 100 жаңа автобус шығады, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Олардың сәнді дизайны V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары үшін арнайы әзірленген. Онда Қазақстанның заманауилығы мен мәдениеті бейнеленген.

Автобустардан ерекше жаңашылдықты байқауға болады. Заманауи әрі эстетикалық жағынан безендірілген автобустарда жайлылықты қамтамасыз ететін күшейтілген жарықтандыру және ауа баптау жүйесі бар.

Жолаушыларды ақпараттандыру әрі көңіл көтеру үшін инновациялық мультимедиялық жүйелер қарастырылған.

Мамандардың сөзінше, бұл автобустар көлік жүйесін безендіріп қана қоймай, сонымен қатар қаланың прогресс пен технологиялық инновацияларға деген ұмтылысын білдіретін «ерекшелік» болады.

Өзгелердің жаңалығы