Астана халықаралық әуежайы қала балансына өтті

Бүгiн, 01:31
203
Бөлісу:
Астана халықаралық әуежайы қала балансына өтті
Фото: gov.kz

Terminals Astana Airport Management LLP араб компаниясымен жасалған сенімгерлік басқару шартының мерзімінің аяқталуына байланысты «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ акцияларының 100 пайызы Астана қаласының коммуналдық меншігіне өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.

2025 жылдың 7 қаңтарында мерзімі аяқталған сенімгерлік басқару шарты 2023 жылдың 7 қарашасынан басталған.

Елордалық әуежай акцияларының иесінің өзгеруін ескере отырып, қазіргі уақытта елорда әкімдігі мен «Terminals Astana Airport Management» ЖШС арасында сенімгерлік басқарудың жаңа шартын жасасуға дайындық жүріп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы