Елордада 21 мамыр күні Astana half 2023 жартылай марафоны өтеді. Желаяқтар 21,1 км және 5 км қашықтықты еңсеруі керек, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жартылай марафонды Астана әкімдігінің қолдауымен Халықаралық Astana Marathon негізін қалаушылар ұйымдастырды.
Astana half 2023 жартылай марафоны –қыс мезгілінен кейін жаппай жүгіруде өзіңізді сынаудың алғашқы мүмкіндіктерінің бірі. Желаяқтарға 21,1 км және 5 км қашықтықт ұсынылады. Бұл жаңадан бастаушылар үшін тамаша бастама, ал тәжірибелі спортшылар үшін – биыл 3 қыркүйекте өтетін Astana Marathon 2023-те 42,2 км марафондық жарысқа дайындық.
Бүгінгі таңда жартылай марафонға Ұлыбритания, АҚШ, Польша, Ресей, Украина және Қазақстан елдерінің 30-дан астам қаласынан 16 жастан 75 жасқа дейінгі екі мыңға жуық қатысушы тіркелген.
Жарысқа 18 жастан 21,1 км-ге және 16 жастан 5 км-ге дейін барлық ниет білдірушілер тіркеле алады. Іс-шараның желаяқтары мен қонақтары үшін елорданың кәсіби жаттықтырушылары ойын-сауық және жарыс алды қыздырыну бағдарламасын әзірлеп отыр. 21,1 км қашықтық бойынша изотоника, гельдер, су және жеміс ұсынылады.
Жартылай марафонға қатысу үшін тіркеуді іс-шараның ресми сайтында https://astana21k.com 20 мамыр күні таңғы сағат 8:00-ге дейін онлайн режимінде өткізуге болады немесе 20 мамыр күні кешкі сағат 18:00-ге дейін орын болған жағдайда жүгіруші пакетін беру орнында тіркелуге болады. Көрме EXPO халықаралық көрме орталығында өтеді.
Іс-шара күні бірқатар бағыт бойынша көшелер жабылады.
21,1 км қашықтыққа жүгіру келесі маршрут бойынша өтеді:
ЭКСПО аумағынан басталып, Мәңгілік Ел даңғылы, 53/1 Түркістан көшесіне – Заводская-Заводская-Ұлы Дала-Қабанбай батыр даңғылдарына бұрылу – бұдан әрі 29/1 – Ақмешіт көшесі – ЭКСПО қалашығының айналасында – Түркістан көшесі және EXPO аумағында мәре.
5 шақырымға:
ЭКСПО ХХО аумағынан басталады, Мәңгілік Ел даңғылы, 53/1 Түркістан көшесіне – Заводская-Заводская-Ұлы Дала-Қабанбай батыр даңғылдарына бұрылу, бұдан әрі 29/1 – Ақмешіт көшесі – ЭКСПО қалашығының айналасында – Түркістан көшесі және EXPO аумағында мәре.
Қатысушылар жарыс күні таңғы сағат 6-да EXPO қарсы тұрақ аумағында, старт – 7:00-де, аяқталуы – 10:00-де.