Елорда дүкендерінің сөрелерінде нан бағасы қанша теңге тұрады? Бұл сұраққа Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Ауыл шаруашылығы министрі журналистердің сұрағына жауап берді.
Астана дүкендерінде бөлке нан қанша теңге тұрады? - деп сұрақ қойды журналистер.
Дүкендерде әлеуметтік бөлке нан 92 теңгеден жоғары. Әр дүкенде баға әртүрлі, - деді ол.
Оның сөзінше, бидай 160 теңге болған кезде нан қымбаттап кеткен. Ал бидайдың бағасы тоннасына 80 мың теңгеге түскенде нан арзандамаған. Бүгінгі күні нарықта бидай 105-110 мың теңге. Сондықтан нан бағасы қазіргі күні өзгеріссіз осы бағада қалады.