Astana Club: Сарапшы әлемдік үш сын-тегеурінді атады

11 Қараша 2019, 18:01
1908
Бөлісу:
Astana Club: Сарапшы әлемдік үш сын-тегеурінді атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Испанияның бұрынғы премьер-министрі, Испан социалистік жұмысшылар партиясының бас хатшысы Хосе Луис Сапатеро "Астана Клубының" бесінші отырысында әлем халқы алдындағы сын-тегеуріндерді атады. 

Технологиялық жарыс, климаттық өзгеріс және әлеуметтік теңсіздіктің ұлғаюы - осы үш сын-тегеурінге жауап беру әдісін табуымыз керек. Біз Еуропа Одағын,  Африкадағы елдер одағын күшейтіп, Орталық Азиядағы, Еуразиядағы серіктестіктерді нығайтуымыз керек. Мұның бәрі БҰҰ-мен серіктестік аясында жүруі тиіс. Сауда соғыстары экономикалық жағынан алып қарағанда жағдайды төмендетті. Интеграцияны нығайтпай тұрақты дамуға жету мүмкін емес. Көптеген қақтығыстар бойынша бейбіт шешім қабылдауымыз керек. Ешқандай ұлтшылдық пен популизм жаһандық климаттық және технологиялық өзгерістермен, әлеуметтік теңсіздіктермен күресуге көмектесе алмайды. Егер жаһандық жауап болмаса қиын жағдайға тап боламыз. Халықаралық ынтымақтастықтың жетіспеуінен әлем ХХ ғасырда осындай жағдайда қалған еді. ХХІ ғасырға ынтымақтастықты күшейту арқылы өтуіміз керек, - деді ол  пікірталас кезінде. 
 

11-12 қараша күндері "Назарбаев Орталығында" әлемнің жетекші дипломаттары мен саясаткерлерінің және сарапшыларының басын біріктірген саяси форум түріндегі халықаралық беделді пікірталас алаңы - "Астана Клубының" бесінші отырысы өтіп жатыр. Клубты ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Тұңғыш президенті – Елбасының Қоры және Әлемдік экономика және саясат институты.
Клубтың мерейтойлық отырысының тақырыбы: "Үлкен Еуразия: жаһандық ынтымақтастықтың жаңа құрылымы жолында".

Өзгелердің жаңалығы