Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Лидия Пархомчик «Астана клубын» құру идеясының негізгі ерекшеліктері туралы айтты.
2015 жылы біз айтқан Astana Club құру идеясының өзі еліміз үшін де, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үшін де ерекше жетістік. Өйткені, биік белестерді бағындырған саясаткерлер мен мамандардың бірігіп, кез келген жаһандық мәселенің алдын алуға және көрнекті тұлғалардың пікір алмасуына мүмкіндік беріп отыр, - деді сарапшы «ASTANA CLUB-2021» отырысында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.
Сонымен қатар ол кездесудегі талқылау бүкіл континентке пайда беретінін айтты.
Іс-шара мақсаты - бүгінде тек үлкен Еуразия ғана емес, бүкіл әлем бетпе-бет келіп отырған ең проблемалық мәселелер бойынша консенсусқа келу. Әлемнің өзгеріп жатқанын, жаһандық үрдістердің үдеп келе жатқанын, пандемия жаһандық экономикалық дамудың ауқымына елеулі түзетулер енгізілу процестері жүріп жатыр. Меніңше, мұндай тақырыптағы атаулы жиындар санаулы өтеді. Биыл өткізіліп отырған алтыншы «Astana Club» Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл Еуразия үшін көрнекті оқиғаға айналады деген сенімдеміз, - деп түйіндеді сөзін Л.Пархомчик.