«Астана» Чемпиондар лигасымен қоштасты

18 Шілде 2019, 09:56
1818
Бөлісу:
«Астана» Чемпиондар лигасымен қоштасты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан үшін УЕФА Чемпиондар лигасы аяқталды. Ел намысын қорғаған «Астана» бірінші раундтан өте алмады.

Нұр-Сұлтандағы ойын 1:0 есебімен «Астана» пайдасына шешілген болатын. Бірақ қарымта ойында Клуж-Напока қаласында алаң иелері 3:1 есебімен басым түсті.

Матчта негізі есепті «Астана» сапынан Роман Мұртазаев соққан. Бірақ одан әрі қарай Роман Григорчук шәкірттері білгендерінен жаңылды. Әсіресе, Билель Омрани елорда командасының қорғаушыларына тыным берген жоқ. Екі голды сол соқты. 

Енді «Астана» Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде бақ сынайды. Қарсыласы - Андорраның «ФК Санта-Колома» командасы. 

«ЧФР Клуж» (Клуж-Напока, Румыния) - «Астана» (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) - 3:1 Голдар: Мұртазаев, 4 (0:1), Омрани 10 (1:1), Постников, 26-автогол (2:1). Омрани, 73 (3:1).

«ЧФР Клуж»: Арлаускис, Буркэ, Джокович, Омрани (Перейра, 85), Дяк, Сушич, Кулио, Бордеяну, Камора, Пауло Винисиус, Мариу Рондон (Костаке, 66).

«Астана»: Эрич, Рукавина, Ротариу, Сигурьонссон (Янга, 81), Томасов (Мубеле, 62), Бейсебеков (Аничич, 81), Маевский, Шимунович, Логвиненко, Постников, Мұртазаев.

Бас төреші: Александр Харкам (Австрия).

Клуж-Напока, «Константин Рэдулеску».

Өзгелердің жаңалығы