"Астана" клубының мәліметінше билет www.zakazbiletov.kz сайтында бүгіннен бастап сатылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Матчқа қызығушылық танытқандар санының көп болуына байланысты мынадай қауіпсіздік шарттары қарастырылған:
Бір қолға 4 дана билет сатылады: электронды пошта, телефон нөмірі және несие картасын тіркеу арқылы алуға болады;
Билеттер жеке тұлғаға рәсімделеді, тапсырыс беру кезінде әрбір келушінің деректерін енгізу қажет, матчқа барған кезде өзімен бірге растайтын құжат болуға тиіс;
Матчқа қатысу құқығын беретін QR коды бар электронды билет матч күні электронды поштаға жіберіледі;
www.zakazbiletov.kz сайтындағы кезектің артуына байланысты онлайн кезек іске қосылуы мүмкін.
УЕФА Конференциялар лигасының жалпы кезеңінің матчы 12 желтоқсанда сағат 20:30-да Алматының "Орталық" стадионында өтеді.