«Астана» Беларусь командасының қақпасына 3 гол соқты

23 Тамыз 2019, 09:12
1791
Бөлісу:
«Астана» Беларусь командасының қақпасына 3 гол соқты
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Астана» Еуропа лигасының топтық кезеңіне шығуға жақын. Қазақстан командасы іріктеу кезеңінің плей-офф бәсекесіндегі алғашқы ойында жеңіске жетті. 

Жерлестеріміз өз алаңында Беларусьтің БАТЭ клубын қабылдады. Бұған дейін де Қазақстандағы ойындарда жолы болмаған Борисов қаласының командасының бұл жолы айы оңынан туа қойған жоқ.

 «Астананың» бас бапкері Роман Григорчук осының алдындағы «Валеттамен» ойындағы негізгі құрамға сенім артты. Бәлкім, жеңімпаз құрамды ауыстырмау керек дәстүрге иелік еткен болар. Негізгі құрам: Эрич, Рукавина, Ротариу, Сигурьонссон, Томасов, Маевский, Мубеле, Шимунович, Логвиненко, Постников, Шомко.

WhatsApp Image 2019-08-23 at 09.08.27.jpeg

Матчтағы есепті 23-минутта Марин Томасов ашты. Хорват футболшысы 1-2 ойыншыны алдап өтіп, қақпаның дәл тоғыздығын көздеді. Үзіліске дейін Юрий Логвиненко басымен екінші голды соқты.

Ал екінші таймның басында Рунар Мар Сигурьонссон пенальтиден есепті еселей түсті. Одан бөлек, Дорин Ротариу мен Антонио Рукавинаның мүмкіндіктері болған еді. Қорытынды есеп - 3:0.

Қарымта ойын 29 тамызда Борисовта өтеді.

«Астана» (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) — БАТЭ (Борисов, Беларусь) - 3:0 Голдар: Томасов, 23 (1:0). Логвиненко, 44 (2:0).Сигурьонссон, 53-пенальтиден (3:0).

Өзгелердің жаңалығы