«Astana Ballet» сахнасында «Щелкунчик» тағы қойылды

31 Қаңтар 2021, 14:42
2526
Бөлісу:
«Astana Ballet» сахнасында «Щелкунчик» тағы қойылды
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Astana Ballet» театрында әлемдегі ең танымал балеттердің бірі «Щелкунчик» қойылды.  

«Щелкунчик» балеті әлем сахнасында ғасырдан аса қойылып келе жатқан танымал шығарма. Жаңа жыл қарсаңындағы міндетті, әрі мерекелік қойылымдардың бірі. Оның көптеген нұсқасы бар, соның ішінде Василий Вайнонның қойған нұсқасы балет әлемінде де, көрермендер арасында да сұранысқа ие. 

шел1.jpeg

Қойылымның ерекшелігі - «Астана балет»  сахнасында Санк-Петербургтік Мариин театрының әртістері прима-балерина Оксана Скорик пен солист Евгений Коновалов өнер көрсетті.

шел6.jpeg

Мен үшін «Щелкунчик» классикалық шығарма. Әр балет әртісі осы қойылымда бірнеше рет түрлі рөлдерді ойнайды, соның ішінде мен де бармын. Академия кезінен осы шығармада өнер көрсеткендіктен техникалық қиындықтар болмады. Дегенмен, бүгін кішкене қобалжу бар, себебі астаналық театрда, оның көрермендер үшін бірінші рет шыққалы тұрмын. Жалпы, елордада алғаш болуым, театр өте заманауи, жаңа, әртістер үшін барлық жағдай жасалған, - деді Мариин театрының әртісі Евгений Коновалов.

шел5.jpeg

1958 жылы Мариин театры өзінің «Щелкунчик» туындысын Ваганова атындағы Орыс балеті академиясына сыйға тартады. Сол кезден бастап оқу орнының түлектері бұл спектакльді дипломдық туынды ретінде орындап, үлкен сахнада өнер көрсетіп, мол тәжірибе жинақтайтын болған. Осы ретте театрдың кәсіби әртістерінен бөлек, спектакльге Қазақ ұлттық хореография академиясының жүз алпысқа жуық студенті мен оқушысы қатысады. 

шел7.jpeg

Айта кетейік, «Astana Ballet» театрында «Щелкунчиктің»  Вайнонен қойған нұсқасы көрсетілді. Осыдан төрт жыл бұрын оны астаналық театр сахнасына РФ халық әртісі, ҚазҰХА ректоры Алтынай Асылмұратова қойған болатын.

шел2.jpeg

Спектакль сценографиясын жобалап, жасап шыққан Жандос Омаров, костюм суретшісі – Ольга Шаишмелашвили. Симфониялық оркестрдің жетекшісі - маэстро Арман Оразғалиева.   

«Astana Ballet» театры көрермендерін тағы да қуантпақ. Көптеген сұраныстар бойынша спектакль 5-6 ақпан күндері театр сахнасында қайтадан көрсетілетін болады.

Ботакөз Жақиянова 
Өзгелердің жаңалығы