Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Астана Балет» театрының 9-маусымы ашылды. Бұл туралы театр директоры Александр Совостьянов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.
Шектеулерге қарамастан уақытында театрдың 9-маусымын ашқанымызға қуаныштымыз. Біз мұны ұзақ күттік. Себебі әртістер сахнаны, ал көрермендер қойылымдарды сағынды. Мұны әртістер сахнаға шыққанда бірден байқадық, - деді ол.
Ол елорда тұрғындарын «Астана Балет» театрының көрермені болуға шақырды.
Алғашқы қойылым «Сұлтан Бейбарысқа» берген бағаларыңыз үшін рахмет. 17-18 қыркүйекте «Махаббат туралы аңыз» балеті көрсетіледі. Бұл екі қойылым жақында ЭКСПО көрмесі аясында Дубайға гастрольдік сапармен барады. Сондай-ақ 9-маусымға жоспарымыз өте көп. Жылдың аяғына дейін үш үлкен премьера ұсынылады, - деп атап өтті Александр Совостьянов ОКҚ-да.Сонымен қатар Кіші Броннаядағы театр «Астана Балет» сахнасына гастрольдік сапармен келеді.
Премьералық спектакльдермен қатар көрермен қауым репертуардағы балеттерді де тамашалай алады. Театр репертуарындағы үздік қойылымдардың қатарында «Шерткіш» («Щелкунчик») де бар.