«Астана Балет» театрында «ашық есік күні» өтеді

25 Қыркүйек 2019, 20:30
1892
Бөлісу:
«Астана Балет» театрында  «ашық есік күні» өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы  «Астана Балет» театрында халықаралық театр күніне орай «ашық есік күнін» өтеді.

30-қыркүйтек, сағат 12:00 кез-келген жан театрға келіп, би өнерінің ғажайып әлемімен таныса алады.

Келушілерге Ресей фотосуретшілер одағының мүшесі, «Балет аумағы» жобасын жүзеге асырған  Алексей Кривцовтың Astana Ballet фотокөрмесі көрсетіледі. Танымал шебердің объективіне түскен бишілердің болмыс-бітімін тануға болады. Оның жұмыстары көптеген елдердің жеке коллецияларында, тетар фойелерінде қойылып, көрермен қошеметіне бөленіп келеді.

Сонымен бірге, көрермен залына кіріп, америкалық неоклассиканың негізін қалаушы Джордж Баланчиннің шығармашылығына арналған дәрісті тыңдауға болады. Оның «Кончерто Барокко» атты туындысы таяу күндері «Астана Балет» Театрының сахнасында көрсетілетін болады. Сонымен бірге, осы шараға қатысушылар, премьерасы қазанның 4 мен 5 күндері өтетін спектакльдің репетициясын тамашалай алады. 
Өзгелердің жаңалығы