"Астана Балет" театры Кореядағы әлемдік би фестиваліне қатысады

Корея Республикасының Чхонан қаласында 24-28 қыркүйек аралығында өтетін "Cheonan World Dance Festival 2025" халықаралық форумына қазақстандық "Астана Балет" театры қатысады. Әлемнің түкпір-түкпірінен би ұжымдарын жинайтын ауқымды шара осы күндері Чхонанды нағыз әлемдік би орталығына айналдырады. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Мәдениет және ақпарат министрлігі 25 Қыркүйек 2025 2025, 03:40
25 Қыркүйек 2025 2025, 03:40
759
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

 Корея Республикасының Чхонан қаласында  24-28 қыркүйек аралығында өтетін "Cheonan World Dance Festival 2025" халықаралық форумына қазақстандық "Астана Балет" театры қатысады. Әлемнің түкпір-түкпірінен би ұжымдарын жинайтын ауқымды шара осы күндері Чхонанды нағыз әлемдік би орталығына айналдырады. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандық өнерпаздар көрермен назарына «Ұлы Дала мұрасы» дивертисментінің үзінділерін ұсынады. Бұл бағдарлама — қазақ мәдениетінің әсемдігі мен рухани тереңдігін айшықтайтын қойылымдар топтамасы. Лирикалық әрі философиялық композициялар, жігерлі миниатюралар мен ұлттық ою-өрнекке бай костюмдер көрерменге ерекше әсер қалдырмақ.

«Астана Балет» ұжымы үшін бұл — қазақ өнерін халықаралық деңгейде танытуға, мәдени әріптестікті дамытуға және би өнерінің халықтарды жақындастыратын ортақ тіл екенін көрсетуге үлкен мүмкіндік.

Наверх