Астана балабақшаларында орынды сақтау үшін ата-аналардан негізсіз ақы алып отырған

Бүгiн, 13:15
112
Бөлісу:
Астана балабақшаларында орынды сақтау үшін ата-аналардан негізсіз ақы алып отырған
Фото: Артём Чурсинов - архив

Прокурорлар елорданың мектепке дейінгі ұйымдарында бірқатар бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тексеру нәтижелері бойынша мектепке дейінгі мекемелерде көптеген заң бұзушылықтар анықталды.

Балабақшаларда жалақысы заңсыз есептелген жұмысшыларды жалған жұмысқа орналастыру анықталды. Анықталған жымқыру фактілері бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы негізінде сотқа дейінгі тергеу басталды, - делінген ведомство хабарламасында.

Демалыс кезеңінде мектепке дейінгі жеке мекемелердегі орындарды сақтау үшін ата-аналардан негізсіз ақы алу жағдайлары болған. Қадағалау органының араласуынан кейін шарттар қолданыстағы заңнамаға сәйкестендірілді. 

Жекелеген балабақшаларда мерзімі өткен дәрілік заттар сақталған, сондай-ақ құрамында сынап бар шамдарды сақтау және жою кезіндегі бұзушылықтар анықталды. 

Қадағалау актілері бойынша бұзушылықтарды дереу жою үшін шаралар қабылданды, кінәлі тұлғалар жауапқа тартылды.

Өзгелердің жаңалығы