Астана айналма жолының бір бөлігі 15 маусымға дейін жабылады

Жөндеу жұмыстарына байланысты қозғалыс 15 маусымға дейін шектеледі. Көліктер үшін Қостанай, Көкшетау және Қосшы бағыты арқылы айналма маршрут ұйымдастырылған.

 ©BAQ.KZ Бүгiн 2026, 19:50
Бүгiн 2026, 19:50
142
Фото: ©BAQ.KZ

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы «Астана қаласының айналма жолы» автожол учаскесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілгенін хабарлады.

Компания мәліметінше, 2026 жылдан бері жолдың 8–22 шақырым аралығында орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты аталған учаскеде автокөлік қозғалысы 2026 жылғы 15 маусымға дейін толық жабылады.

Жөндеу жұмыстары кезеңінде Қарағанды бағытына қатынайтын көліктер үшін Қостанай, Көкшетау, Қосшы бағыты арқылы айналма маршрут ұйымдастырылған.

Жөндеу жүріп жатқан аумақта уақытша жол белгілері мен жүргізушілерге бағыт көрсететін ақпараттық нұсқағыштар орнатылған.

Компания өкілдері жүргізушілерге жол бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша жол белгілерінің талаптарын, жылдамдық режимін және жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырды.

Наверх