Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Астана әуежайында рейстер кешігіп жатыр

Бүгiн, 12:59
185
Бөлісу:
 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Астана халықаралық әуежайында ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстер кестесіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әуежай таратқан мәліметке сәйкес, бүгін ұшып шығатын 72 рейс және қонатын 74 рейс жоспарланған.

Қазіргі уақытта:

  • 8 рейс қонуға;
  • 10 рейс ұшып шығуға кешігіп жатыр.

Әуежай өкілдері ұшып шығу рейстерінің кешігуі қолайсыз ауа райы кезінде әуе кемелерін мұздан тазарту жұмыстарын жүргізу мүмкін болмауымен байланысты екенін нақтылады. Сонымен қатар ұшу-қону жолағы, перрон және рулеж жолдары тұрақты түрде тазартылып жатыр. Әуе айлағының барлық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп тұр.

Жолаушыларға рейстер туралы нақты ақпаратты өз әуе компанияларынан білуге және әуежайдың ресми сайтындағы онлайн-таблодан жаңартылған мәліметті қадағалап отыруға кеңес беріледі.

Өзгелердің жаңалығы