Астана әуежайында қараусыз қалған 53 багаж анықталды

13 Маусым 2023, 18:15
857
Бөлісу:
Астана әуежайында қараусыз қалған 53 багаж анықталды
Фото: «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ баспасөз қызметі

Мамыр айында Астана әуежайында қараусыз қалған 53 зат анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Багаж иелері қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен ізделді

1-31 мамыр аралығында «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында» анықталған қараусыз қалған заттар мен багаждың 53 фактісі тіркелді. Барлық жағдайды авиациялық қауіпсіздік қызметі полицияның желілік бөлімімен бірлесіп, сондай-ақ қызметтік-іздестіру иттерін тарта отырып атқарып шықты.

Айта кету керек, әуежай қызметкерлері барлық қараусыз қалған заттарға ұқыпты қарайды. Алайда, әуе қауіпсіздігі процедураларына сәйкес қараусыз қалған зат (багаж, сөмке, заттар және т.б.) ықтимал қауіп ретінде қарастырылады.

Осыған байланысты, әуе қауіпсіздігі қызметі барлық жолаушыдан, сондай-ақ елордалық әуежайға келушілерден өз заттарына мұқият қарауды және оларды қараусыз қалдырмауды, сондай-ақ басқа адамдарға сенбеуді және тасымалдау үшін бейтаныс адамдардан заттар мен сәлемдемелерді қабылдамауды сұрайды. Егер күдікті зат табылса, ешбір жағдайда оларға қол тигізуге және олардың жанында болған кезде ұялы байланысты пайдалануға болмайды. Күдік туса әуежай қызметкерлеріне немесе Құқық қорғау органдарының өкілдеріне хабарлау қажет, - делінген әуежай баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы