Бүгіннен бастап елордадағы әуежайдың көлік тұрағына кіру қымбаттады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
Баға екі есе өсті. Енді жүргізушілер тұрақ аймағына сағатына 200 немесе 100 теңге төлеп, аялдай алады. Сондай-ақ экспресс желіге тәулігіне 3 рет кірген автокөлік 300 теңге төлеуге мәжбүр болады.
Бұған дейін жолаушыларды отырғызу және түсіру үшін алғашқы 15 минут тегін болған. Әуе айлағы әкімшілігі бағаның қымбаттауын тарифтердің өзгеруімен және заңсыз әрекеттермен байланыстырды.