Астана әуежайында бұршақ Air Astana ұшағын зақымдады

8 тамызда бұршақ жауып, қатты жел Астана әуежайында Air Astana ұшағын зақымдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 архив 8 Тамыз 2024 2024, 23:53
8 Тамыз 2024 2024, 23:53
1059
Фото: архив

8 тамызда бұршақ жауып, қатты жел Астана әуежайында Air Astana ұшағын зақымдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жағдай елордадағы ауа райының күрт нашарлауына, атап айтқанда, бұршақпен қатар болған екпінді желге байланысты орын алған.

Зардап шеккендер жоқ, ұшаққа жанармай құйылып жатыр және жақын арада әуежай қалыпты түрде ұшады, - делінген хабарламада.

Әуе компаниясы кейінірек хабарлағандай, зақымданған ұшақ Астана – Атырау бағыты бойынша КС 983 рейсін орындауы тиіс болған. Ұшаққа қатты жел кезінде контейнерден зақым келген.

Наверх